
Бүгін Қаратал ауданында аудан әкімінің орынбасары А. Оңғаровтың төрағалығымен нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аудандық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
☝🏼 Жиын барысында аудан аумағында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, нашақорлықтың таралуына жол бермеу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
🔹 Отырыс барысында құқық қорғау органдарының, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің және басқа да мүдделі ұйымдардың есебі тыңдалып, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдары пысықталды.
📌 Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары А. Оңғаров жауапты мекемелерге жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу, есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берді.



