Үлкен Нарында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында сауықтыру лагерінде іс-шаралар өтті

    Үлкен Нарында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында сауықтыру лагерінде іс-шаралар өтті

    Үлкен Нарын ауданы прокуратурасының бастамасымен және полиция бөлімінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде «Біз есірткіге қарсымыз» және «Жол қозғалысы ережелерін сақтаймыз» атты эстафеталық жарыс пен сурет байқауы ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қызметтік көліктермен таныстырды.

    Іс-шара балалардың қызығушылығын тудырып, салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыруға, заң мен құқықтық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

    Сонымен қатар іс-шара аясында аудан прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп балалармен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.