Республикалық слет: Алматы облысында есірткіге қарсы профилактиканы күшейту мәселелері талқыланды

    Республикалық слет: Алматы облысында есірткіге қарсы профилактиканы күшейту мәселелері талқыланды

    Алматы облысында Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестер мүшелерінің республикалық слеті өтті.

    Қонаев қаласында Қазақстанның барлық өңірінен келген өкілдердің басын қосқан Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестер мүшелерінің республикалық слеті өтті.

    Іс-шараны ҚР ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов ашты. Ол есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және жұртшылықтың күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, тек жүйелі әрі дәйекті жұмыс қана қоғамда есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға және жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Слет жұмысына сондай-ақ ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығы, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өңірлік профилактика кеңестерінің мүшелері қатысты.

    Іс-шараның негізгі баяндамашысы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов болды. Баяндама барысында аталмыш кеңестердің қызметін таныстырып, олардың осы жылдың бес айындағы жұмысының қорытындысын шығарды, қол жеткізілген нәтижелерді баяндап, алдағы профилактикалық жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

    Іс-шара аясында Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестердің қызметі қорытындыланды. Есепті кезеңде еліміздің барлық өңірінде кеңес мүшелері форумдар, дөңгелек үстелдер, спорттық турнирлер, оқыту кездесулері, подкасттар, ақпараттық-түсіндіру акциялары және халық арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған өзге де іс-шараларды қоса алғанда, түрлі форматтағы 700-ден астам профилактикалық іс-шара өткізгені атап өтілді.

    Қатысушылар жастар үшін қауіпсіз, белсенді әрі жасампаз орта қалыптастыруға, есірткі тұтынудың алдын алуға және өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Жас Қорғау" жобасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды.

    Кеңес мүшелерінің мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. ҚР ІІМ басшылығының атынан қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген азаматтарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

    Слет қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа міндеттерді талқылап, қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін нығайтуға және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыруға бағытталған профилактикалық жұмысты жетілдірудің алдағы шараларын айқындады.

    Республикалық слеттің жабылуында Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Абикеев сөз сөйледі. Ол ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басшылығына, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен қатысқан кеңес мүшелеріне іс-шараға қатысқандары, белсенді азаматтық ұстанымы және мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.