
Сарысу ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына қатысып, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндама жасады. Кездесу барысында жазғы кезеңде су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін насихаттау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етубағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар,азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түспеу және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД



