«Ақбота» саябағындағы кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметін жалғастыру үшін балама аумақтар ұсынылды

    akimat-goroda-aktau·
    «Ақбота» саябағындағы кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметін жалғастыру үшін балама аумақтар ұсынылды

    Ақтау қаласындағы «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасының іске асырылуына байланысты саябақ аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысып келген азаматтар алдағы уақытта қазіргі орналасқан орындарында жұмысын жалғастыра алмайды.

    Осыған байланысты қала әкімдігі кәсіпкерлерге аумақты толық босатып, кәсіпкерлік қызметін басқа жерде жалғастыру үшін екі орынды ұсынды. Атап айтқанда, бірінші орын — 16-шағын ауданда орналасқан «Ақтау» ойын-сауда орталығының автотұрағы, екінші орын — 4А шағын ауданындағы теңіз жағалауы аумағы («Карвон» мейрамханасы маңы).

    Айта кету керек, аталған аумақтарда ойын-сауда қызметін жүзеге асыру үшін қала әкімдігі кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, жалдау құнын жеңілдетілген шарттармен ұйымдастырды.

    Бұл мәселе бойынша барлық кәсіпкерлермен бірнеше рет кездесу өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Еске салайық, «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасына байланысты нысанның аумағын қоршау жұмыстары басталды.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.