Жылдамдық, төзімділік, жеңіс: Павлодар облысының полиция қызметкерлері қалалық жарыста алтыннан алқа тақты

    mvd-pavlodar·
    Жылдамдық, төзімділік, жеңіс: Павлодар облысының полиция қызметкерлері қалалық жарыста алтыннан алқа тақты

    Павлодар қаласындағы «Ертіс» орталық стадионында әуесқойлар мен ардагер спортшылар арасында ұзақ қашықтыққа жүгіруден қалалық жарыс өтті. Ерлер 5 шақырым қашықтықта бақ сынаса, әйелдер 3 шақырымдық қашықтықта үздіктерді анықтады.

    Бұл жарыста облыстық полиция ведомствосы мен «Арлан» спорт клубының намысын 40 жастан жоғары санаттағы жүгіруде полиция подполковнигі Әсел Абдраманова және 30-39 жас аралығындағы санатта полиция капитаны Малика Темірханова абыроймен қорғады. Олар тамаша дене дайындығын, темірдей төзімділік пен нағыз спорттық мінез көрсетті.

    Өз жас санаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлері бірінші орындарды жеңіп алды!

    Әріптестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға қызметте жаңа жетістіктер мен спорт ареналарында толағай табыстар тілейміз!

    стадионе «Иртыш» прошли городские соревнования по бегу на длинные дистанции среди любителей и ветеранов спорта. Мужчины соревновались на дистанции 5 км, а женщины оспаривали первенство на трехкилометровом отрезке.

    Областное полицейское государственный орган и спортивный клуб «Арлан» на этих стартах достойно представили подполковник Асель Абдраманова в забеге старше 40 лет, и капитан Малика Темирханова в забеге от 30 до 39 лет, продемонстрировав отличную физическую форму, железную выносливость и настоящий спортивный характер.

    Показав высочайшие результаты в своих возрастных категориях, сотрудники полиции завоевали первые места!

    Искренне поздравляем коллег с триумфальным выступлением. Желаем новых профессиональных достижений и ярких побед на спортивных аренах!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.