Спорт, серпін, заң және тәртіп: Павлодар облысының жастары өз таңдауын жасады

    mvd-pavlodar·
    Спорт, серпін, заң және тәртіп: Павлодар облысының жастары өз таңдауын жасады

    Ертіс ауданында «Бізді өмір біріктіреді: Есірткіге ЖОҚ!» атты ауқымды жастар фестивалі өтті. Іс-шара белсенді жастарды, мемлекеттік органдар мен жұртшылықты салауатты әрі қауіпсіз болашақ идеясы төңірегінде біріктірді. Фестиваль «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында ұйымдастырылып, Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылды.

    Күні бойы алаңдарда нағыз мерекенің, достық пен белсенділіктің атмосферасы орнады. Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін бірнеше тақырыптық алаң дайындап, әркімге өз күш-жігерін, командалық рухын және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндік берді.

    Мектеп оқушыларының ерекше ықыласына «Көңілді старттар» сайысы ие болды. Жалпы білім беретін мектептердің командалары жоғары жылдамдықтарын, ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жанкүйерлердің қызу қолдауы, шынайы эмоциялар мен қуанышты сәттер бұл жарысты ерекше әсерлі әрі есте қаларлық етті.

    Акцияның ең тартымды кезеңдерінің бірі жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы болды. Оған төзімділігі мен табандылығымен ерекшеленген спортшылар қатысты. Тартысты әрі әділ бәсекенің қорытындысы бойынша жоғары спорттық шеберлік көрсеткен Тристан Искаков жеңімпаз атанды. Белсенді өмірлік ұстанымы мен салауатты өмір салты құндылықтарына адалдығы үшін облыстық полиция ведомствосы оған басты сыйлық – алға ұмтылу мен дұрыс өмірлік таңдаудың символына айналған велосипедті табыстады.

    Мазмұнды күннің қорытындысы әсерлі концерттік бағдарламамен түйінделді. Фестиваль қатысушыларға сергектік пен жігер сыйлап, спорт пен белсенді өмір салты қазіргі жастар үшін шексіз мүмкіндіктердің жолын ашатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Бұл күні жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері лайықты грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.