Жылыту маусымына дайындық: Комитет төрағасының орынбасары Жетісу облысының энергетикалық нысандарын аралады

    kaenk·
    Жылыту маусымына дайындық: Комитет төрағасының орынбасары Жетісу облысының энергетикалық нысандарын аралады

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов энергетикалық кәсіпорындардың 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын бақылау аясында Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды.

    Талдықорған қаласында Ернар Хасенов жылу желілері инфрақұрылымын жаңғырту жобаларымен танысты. Ұлттық жоба аясында облыс орталығында биыл жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар тұтынушыларды жылумен жабдықтау сенімділігін арттырып, желілердегі апаттылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ қаланың негізгі жылумен жабдықтау нысандары, оның ішінде «Басқуат» қазандығы және қуаты сағатына 49 Гкал болатын салынып жатқан кварталдық қазандық қаралды. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін қаланың болашақ тұрғын үй құрылыстарын жылумен қамтамасыз етіп, жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

    Жетісу облысының электр желілерін жаңғырту жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды. «ТАТЭК» АҚ 2026 жылы 464 шақырым әуе электр беру желілерін және 9,7 шақырым кабельдік желілерді қайта жаңғыртуды, сондай-ақ екі қосалқы станцияны жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл электр желілерінің тозу деңгейін 11,3%-ға төмендетуге (78,5%-дан 67,2%-ға дейін) мүмкіндік береді.

    Текелі қаласында Комитет төрағасының орынбасары «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС-не барып, жылу электр орталығындағы жөндеу науқанының барысымен танысты. Кәсіпорында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында қазандық және турбиналық жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, бекітілген кестелердің сақталуын қамтамасыз ету және энергетика нысандарын 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге сапалы дайындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.