
Заң мен тәртіп – қызметтің басты бағдары
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық жиыны өтті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Қажымканов қызметкерлерді қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қызмет атқару кезінде қырағылық танытуға, профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге бағыттады. Сондай-ақ облыс аумағында өткізіліп жатқан «Нелегал», «STOP Ішімдік» және «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шараларын сапалы іске асыруға ерекше назар аударылды.
Гарнизондық жиын барысында Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыларды ұстау кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Сонымен қатар жеке құрамға кәсіби даярлықты жетілдіруге, қызмет барысында туындайтын түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі



