ШҚО полицейлері Бүкіләлемдік донор күнінде қан тапсырды

    mvd-vko·
    ШҚО полицейлері Бүкіләлемдік донор күнінде қан тапсырды

    ШҚО полицейлері Бүкіләлемдік донор күнінде қан тапсырды

    Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Бүкіләлемдік қан доноры күніне арналған іс-шараларға қатысты. Тәртіп сақшылары адамдарға көмек көрсету олар үшін тек кәсіби борыш қана емес, өмірлік ұстаным екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

    «Адамгершіліктің бір тамшысы — мыңдаған сақталған өмір!» ұранымен өткен акция аясында ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық қан орталығына барып, күрделі оталар жасауға, ауыр науқастарды емдеуге және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті қан қорын толықтырды.

    Көптеген полицей үшін донор болу – игі дәстүрге айналды. Олар әрбір қан тапсырудың біреуге сауығып кетуіне үміт сыйлап, адам өмірін сақтап қалатынын сезіне отырып, мұндай акцияларға тұрақты түрде қатысады.

    Дәл осы күні қан орталығында донорлық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан белсенді донорларды марапаттау рәсімі өтті. Алғыс хаттармен марапатталғандардың қатарында полиция қызметкерлері де болды.

    Полицейлер өз істерімен қоғамға қызмет ету тек қызметтік міндеттерді орындаумен шектелмейтінін көрсетеді. Олар жұмыстан тыс уақытта да жауапкершілік пен жанашырлық танытып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын екендіктерін дәлелдейді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.