ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 47 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 17 қыркүйек 2024 жыл
Аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншысессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 11-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- Аудан әкімінің 2024 жылдың І-жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін атқару туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі. Баяндамашы: І.Д.Тынымгереев – Қобда ауданының әкімі.
- Агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы. Хабарламашы: Б.Н. Түктібаев - Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
- Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №119 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Д. Назаров – Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж. Ерғалиев