ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 56 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 1 қазан 2025 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2025 жылғы 10 қазан күні сағат 11-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- «2025-2027 жылдарға арналған Қобда ауданының ауылдық округтерінің бюджетін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ауылдық округ әкімдері
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасыЖ. Ерғалиев