ҚОБДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ
№ 51 ШЕШІМІ
Қобда ауылы 17 ақпан 2025 жыл
Аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшінші
сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихатының кезекті жиырма үшіншісессиясы Қобда ауданы, Астана көшесі №48, әкімшілік ғимаратында 2025 жылғы 20 ақпанда сағат 10-00 ге шақырылсын.
Сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
- 2025-2027 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Д. Назаров – Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- 2024 жылғы атқарылған жұмыстар туралы Қобда аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы. Баяндамашы: Ж.Е. Ерғалиев – Қобда аудандық мәслихатының төрағасы.
- Қобда ауданының ішкі істер бөлімінің 2024 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы туралы. Баяндамашы: Мырзатаев Есентай Куантайұлы - Қобда ауданының ішкі істер бөлімінің басшысы.
- Басқада мәселелер.
Аудандық мәслихат төрағасы Ж. Ерғалиев