
Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында, «Өркен» және «Жастар - 2» спорт кешендерінде 6 күнге созылған жарыста жас өркендер тамаша ойын көрсете білді. Еліміздің әр қиырынан келген 44 команда арасынан жеңімпаздар анықталды.
Жоғарыда атап өткендей, талдықорғандық «Жетісу» клубының волейболшы қыздары екі жас категориясында бірінші және екінші орындарды иеленді. «Жетісу - 1» клубының ойыншылары алтын, ал «Жетісу - 3» клубының спортшылары күміс медаль иегері атанды.
2001-2002 жылы туған қыздар арасындағы ойында екінші орынды Павлодар, үшінші орынды Теміртау қаласының ойыншылар иеленді.
2003-2004 жылы туған волейболшылар арасында Шығыс Қазақстан облысының жас спортшылары үздік шықты. Екінші орын Алматы облысы, үшінші орын Павлодар облысына тиесілі болды.
2005-2006 жылы туғандар арасында өткен жарыста павлодарлық «Ертіс» командасы бірінші, екінші Солтүстік Қазақстанның «Қуаныш» командасы, үшінші орынға Түркістан облысының «Шардара» командасы шықты.



