ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

    ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

    Қалаәкімі Н. Нәлібаев қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары туралы қалалық мәслихат депутаттары алдында баяндама жасады.

    Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 2019 жылдың І жартыжылдығындаҚызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстартуралы қалалық мәслихат депутаттарының алдындабаяндама жасады.

    Соңғы жылдары қаламыздың көлемі бірнеше есеге ұлғайып, халық саны өсіп, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар, жаңа мөлтек аудандар мен жаңа көшелер пайда болып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасы артуда.

    Баяндама барысында шаһар басшысы Қызылорда қаласы экономикасының барлық көрсеткіштері бойынша қуантарлық нәтижелерге қол жеткізгендігі туралы айтты.

    Қала әкімі есепті кезеңдегі кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инженерлік-инфрақұрылымды дамыту, сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және тағы да басқа маңызды салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелерге нақты тоқталып өтті.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.