
Швейцарияда фристайлдан өтіп жатқан Еуропа кубогі кезеңінде параллельді могулда отандасымыз Анастасия Городко жеңіске жетті. Күміс жүлде Нидерланды өкілі Дж. Бергхуиске, қола австриялық Катарина Рамсауерге бұйырды. Сонымен қатар, екінші қазақ фристайлшысы Олеся Граур 4-орын алды.
Ал ерлер арасындағы бәсекеде Олег Цинн 17-сатыға жайғасты.



