
ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімі лауазымына Тоқжанов Марат Лұқпанұлы тағайындалды.
Марат Тоқжанов 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі - жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1990 жылы Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатының мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары:
− Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің археология институтының аға ғылыми қызметкері.
− Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;
− ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мемлекеттік материалдық қор бойынша комитетінің бөлімінің басшысы;
− ҚР Әділет министрлігінің ішкі әкімшілендіру департаментінің бақылау бөлімінің басшысы;
− Теміртау қаласындағы әділет басқармасының басшысы;
− Орал қаласы әкімінің орынбасары;
− БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі;
− БҚО білім басқармасының басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы;
− БҚО әкімі аппаратының басшысы;
− БҚО әкімінің орынбасары;
− ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясы басшысының орынбасары болған.
Соңғы тағайындауына дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


