ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Басқосуда жұмысшы топ құрамы әлемді дүрліктірген коронавирустың алдын алу жұмыстарын пысықтады. Жиынға төрағалық еткен Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов штаб мүшелеріне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

    Жиында кейінге қалдырмауды талап ететін негізгі мәселелер ортаға салынып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларының кешенді жұмыс жоспары бекітілді.

    Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтарды да сөз еткен қала басшысы сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

    Алдағы уақытта өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және оның алдын алу шараларын күшейту бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы жүйелі түрде өткізілетін болады. Жалпы, Кентау қаласы бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.