СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА 5 КҮН ІШІНДЕ 641 ҚОҢЫРАУ, 95 ХАТ КЕЛДІ

    СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА 5 КҮН ІШІНДЕ 641 ҚОҢЫРАУ, 95 ХАТ КЕЛДІ

    Рашид Абатұлы қала әкімдігіндегі ситуациялық орталық жұмысын жіті бақылауда. Сенбі, 18 сәуір күні жарияланып, тұрғындар үшін қосылған байланыстарға бүгінге, яғни 23 сәуірге дейін 641 адам қоңырау шалып, 95 адам сауалын WhatsApp мессенджері арқылы тастады. Халық сауалдарының басым бөлігі қала ішінде жүру рұқсаттамасы мәселелері.

    Мұнда дәрігер, полиция, төтенше жағдай, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) және әкімдіктің әр сала мамандары халық тарапынан түскен сауалдарға жауап береді.

    8 адам диспетчерлік нөмірге (5-91-87) жұмылдырылды. Сондай-ақ, call-орталық пен WhatsApp (87082815641, 87082815642, 87082815643, 87020325732) та іске қосылып, тұрғындар жазған хаттар мен шалған қоңырауларға жауап беруде. Оған қоса, диспетчерлік нөмір (87020325732) де жұмысын тоқтатпай, тиісті мамандар ауысыммен жүргізіп отырады.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.