
Бүгін, яғни 01.05.2020 ж. сағат 18:00 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 1 науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Емделушінің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқас "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген емделуші Сырдария ауданының тұрғыны.
Емделуші алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Коронавирус инфекциясымен бүгінгі күнге дейін тіркелген 204 науқастың 119-ы жазылып шықты.



