ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН СОЗАҚТЫҚ КОМАНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

    ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН СОЗАҚТЫҚ КОМАНДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
    Түркістан қаласында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Жалпыұлттық құндылық – ел дамуы» жобасының қорытынды кезеңі жоғары деңгейде өтті.
    2026 жылдың 30 наурызы мен 30 мамыры аралығында облыстың 17 аудан, қаласын қамтыған жобаға 3800-ден астам азамат қатысып, ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды ұлықтауға өз үлестерін қосты.
    Облыстық деңгейдегі байқауда Созақ ауданы үздік өнерімен, мазмұнды бағдарламасымен және ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі белсенділігімен дараланып, жүлделі І орынды иеленді.
    Байқау ұлттық киім, салт-дәстүр, ұлттық ойындар, ұлттық тағам, ұлттық өнер, қолөнер және тарих пен тағылым бағыттары бойынша ұйымдастырылып, қатысушылардың ұлттық мұраға деген құрметі мен шығармашылық шеберлігі сараланды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.