«ВИРТУАЛДЫ ЛАБОРАТОРИЯ: ЗЕРТТЕУДІ DATA-МЕН ТАЛДАУ» тақырыбында аудандық виртуалды зерттеуші алаңы

    «ВИРТУАЛДЫ ЛАБОРАТОРИЯ: ЗЕРТТЕУДІ DATA-МЕН ТАЛДАУ» тақырыбында аудандық виртуалды зерттеуші алаңы
    «ВИРТУАЛДЫ ЛАБОРАТОРИЯ: ЗЕРТТЕУДІ DATA-МЕН ТАЛДАУ» тақырыбында аудандық виртуалды зерттеуші алаңы
    Қазіргі білім беру кеңістігінде виртуалды зертханалар мен деректерді (DATA) талдау – білім алушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудың, ғылыми ойлауын қалыптастырудың және білім сапасын арттырудың маңызды тетігіне айналып отыр.
    Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 24 сәуір күні А.Тихоненко ат.ЖОББМ базасында химия, биология, география мұғалімдеріне виртуалды зертханаларды қолдану арқылы деректерді (DATA) жинау, талдау және интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру, STEM бағытында зерттеушілік оқытуды дамыту мақсатында аудандық виртуалды зерттеуші алаңы оздырылды.
    📚 Ашық сабақтар панорамасында мұғалімдер инновациялық технологияларды тиімді қолданып, білім алушылардың зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті.
    🌍🧪🧬 Облыстық «BIOGEOCHEM» озық тәжірибе алмасу мектебінің тыңдаушылары зерттеуге негізделген оқытудың тиімді әдістерін ұсынып, білім алушыларды пәндік олимпиадаларға дайындаудың жолдарын және олимпиадалық тапсырмаларды талдау, күрделі есептерді шешу стратегиялары және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру тәсілдерімен бөлісті.
    👩‍🔬🔬 «PASCO негізінде DATA зерттеу бағдарламасы» бөлімінде қатысушылар заманауи құралдармен жұмыс жасап, тәжірибе арқылы білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда, Pasco құралдары арқылы зерттеу жүргізу, виртуалды зертханаларда тәжірибелер орындау, сондай-ақ алынған деректерді сараптап, қорытынды жасау дағдылары көрсетілді.
    🔎 Зерттеу және DATA талдау бағыты аясында GROW моделі және DATA ұғымдарымен танысудан басталған шебер сыныпта география, химия және биология пәндерінің мұғалімдері топтарға бөлініп, зерттеу жұмыстарын жоспарлау, деректерді жинау мен талдау, алынған нәтижелерді қорытындылау және ұсыну тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.
    📝📈 Семинар барысында педагогтер білім беру үдерісінде жаңашыл әдістерді қолданудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында виртуалды зерттеуші алаңының жұмысы қорытындыланып, қатысушылар тарапынан кері байланыс алынды. https://www.facebook.com/share/v/1LSgaqXoBi/
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.