
2026 жылғы 28 мамыр күні Түркістан қаласында облыстық «Әкелер мектебі» байқауы өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа өңірдің үздік әкелері қатысты.
Байқау барысында қатысушылар «Таныстыру», «Өнерлі әке», «Шебер әке», ұлттық салт-дәстүр көріністері және интеллектуалдық сұрақ-жауап кезеңдері бойынша өзара бақ сынады.
Нәтижесінде Созақ ауданының намысын қорғаған Дүйсен Ерғали жоғары дайындық пен жан-жақты қабілетін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.



