
ТҮРКІСТАН: ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ЖУРНАЛИСТЕР СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫН ТАЗАРТТЫ
♻️Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Сырдария өзенінің жағасында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті.
🌴Тазалық шарасына Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Төлепов, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің орманшылары мен «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің инспекторлары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жалпы 70-тен астам адам жұмылдырылып, Көксарай көпірінің маңы қоқыстан тазартылды.
☘️Облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Биыл өңірдегі елді мекендер бойынша жалпы 7 257 іс-шара жоспары бекітіліп, күнделікті сенбіліктер мен тазалық шаралары өтуде. Атап айтқанда, «Тазару күні», «Тазалық эстафетасын», «ТазаLIKE» экофестивалі, «Халықаралық қалдықсыз күні», «Мөлдір бұлақ», «Таза қала», «Таза ауыл», «Таза аула», «Жасыл болашақ» сияқты ауқымды экологиялық акциялар ұйымдастырылды.
📈Сонымен қатар аудандарда «Бір адам – бір ағаш», «Талмен түлеген туған жер», «Парктер шеруі», «Жасыл белдеу» сияқты көптеген бастамалар жүзеге асырылып, тұрғындардың белсенділігі артып келеді. Аталған жұмыстарға 355 мың тұрғындар мен 1 222 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы 379 тонна қоқыс шығарылған.
🔗Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың жан-жақты кешенді жоспарлары бекітіліп, орындалуы тұрақты бақылауда.
📌Айта кетсек, Түркістан облысында биыл 1 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 332 мыңнан астам көшет егілді. 📌Айта кетсек, Түркістан облысында биыл 1 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 332 мыңнан астам көшет егілді.



