Баспасөз хабарламасы

    Баспасөз хабарламасы

    2026 жылдың 26 маусымында сағат 10-00 де «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

    Іс-шараның тақырыбы: « БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау».

    Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.

    Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.

    Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

    Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m4d7ac34c0afd32e41d580f4f0262facd

    Еvent-кеңестің нөмірі: 2513 653 1668

    Еvent-кеңестің паролі: 123456

    «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.