Қандыағашта 48 отбасы баспаналы болды

    Ақтөбе облысының әкімдігі·
    Қандыағашта 48 отбасы баспаналы болды

    Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының орталығы - Қандыағаш қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 48 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

    Салтанатты шарада аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қоныс иелерін қуанышымен құттықтады.

    «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған сәйкес өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы салынды. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес пәтерлер «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталып отыр», – деді аудан әкімі.

    Жаңа көпқабатты тұрғын үйді «ЗемСтрой и К» ЖШС салды.

    Пәтерлер мүгедектігі бар немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.