
2026 жылғы 11 маусымда Агенттік пен Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына және ойын мекемелеріне баруына жол бермеу бойынша алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған кездесуде Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі Н.Н.Джалпақов семинарды аша отырып, шақырылған лектор, «Soul Clinic» менталды денсаулық клиникасының өкілі А.Н. Советбековке сөз берді.
Лектор өз сөзінде мазмұнды таныстыру материалдарын ұсынды және қоғамдағы қазіргі заманғы сын-қатерлерді түсіндіре отырып, осы тақырыпқа қатысты проблемалық мәселелерді ашып берді. Семинар барысында Агенттік қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды. Дәріс пікірталас форматында өтті.
Толықтыруда Н.Н. Джалпақов мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына және ойын мекемелеріне баруына тыйым салынғанын, сондай-ақ Агенттікте жүргізіліп жатқан алдын алу шаралар туралы атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар Азамат Нұрбекұлына мазмұнды және қызықты семинарды өткізгені үшін алғыстарын білдірді.



