Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті реттеу органдарының басшылық деңгейі өкілдері Кеңесінің 6-шы отырысы өтті

    Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті реттеу органдарының басшылық деңгейі өкілдері Кеңесінің 6-шы отырысы өтті

    2026 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының 27-ші отырысы шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті реттеу органдарының басшы деңгейдегі өкілдері кеңесінің 6-шы отырысы өтті.

    Қатысушылар ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жетілдіру, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық базаны үйлестірудің өзекті мәселелерін талқылады.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, қауіпсіздікті реттеу саласындағы тәжірибе алмасуға және өзекті салалық міндеттерді шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге ерекше назар аударылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде қауіпсіздікті реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған Кеңестің 2026-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.