
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық экономика салаларында қолдануға болатын бірыңғай үлгілік еңбек шарттарын, сондай-ақ көлік, құрылыс және қоғамдық тамақтану салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, осы салаларға арналған жекелеген үлгілік еңбек шарттарын әзірледі.
Аталған шарттар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді, Еңбек кодексінде көзделген барлық міндетті талаптарды қамтиды және келесі ерекшеліктерге ие:
- Барлық қызмет салаларына арналған үлгілік еңбек шарты келесіні көздейді:
- еңбек қатынастарын кешенді, оның ішінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек жағдайларын, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін, еңбекақы төлеуді, кепілдіктер мен өтемақыларды қамтумен реттеу;
- еңбекті қорғау, материалдық жауапкершілік, құпиялылық және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі нормалардың болуы;
- шартты өзгерту, бұзу және еңбек дауларын реттеу тәртібін регламенттеу.
- Көлік саласына арналған үлгілік еңбек шарты келесіні көздейді:
- көлік құралын басқаруға байланысты міндеттерді бекіту, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін сақтау, техниканың сақталуын және оны тиісті түрде пайдалануды қамтамасыз ету;
- тиісті санаттағы жарамды жүргізуші куәлігінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу және оның жоғалуы немесе шектелуі туралы хабарлау міндеттерін көздеу;
- міндетті алдын ала рейстік медициналық тексерулерді өту тәртібін регламенттеу;
- көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау, техникалық тексеруден уақытында өту және ақаулар туралы хабарлау бойынша қосымша міндеттерді енгізу;
- жұмыскердің көлік құралына келтірілген залал үшін материалдық жауапкершілігін бекіту, сондай-ақ оның кінәсінен туындаған айыппұлдар үшін жауапкершілікті жүктеу;
- жұмыс уақытын ұйымдастыру ерекшеліктерін белгілеу (кезекші кесте, жұмыс уақытын жинақтап есептеу, түнгі уақытта жұмыс).
- жолда болумен байланысты еңбек жағдайларының ерекшеліктерін ескеру;
- жанар-жағар май материалдарын (ЖЖМ) есепке алу және жұмсау, сондай-ақ оларға қатысты есеп беруді реттеу;
- жұмыстың жүріп-тұру сипатына байланысты қосымша кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеу (күндік, жолға кететін шығындар, тамақ және тұру шығындары).
- көлік құралын және азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға қатысты ережелерді енгізу.
- Құрылыс саласына арналған үлгілік еңбек шарты келесіні көздейді:
- еңбек қауіпсіздігі бойынша күшейтілген талаптар, оның ішінде міндетті нұсқаулықтардан өту және жеке қорғану құралдарын қолдану;
- өндірістік тәуекелдерді (биікте жұмыс, техникамен жұмыс, қиын ауа райы жағдайларында жұмыс) ескеру;
- жұмыскердің қауіпсіздікпен байланысты арнайы міндеттері (рұқсатсыз жұмыс істеуге тыйым салу, қауіпті жағдайларды хабарлау міндеті);
- жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және медициналық тексерулер жүргізу міндеттері;
- құрылыс нысанының кестесіне немесе кезекшілігіне байланысты икемді жұмыс уақытын ұйымдастыру режимі;
- зиянды еңбек жағдайлары және уақытынан тыс жұмыс үшін қосымша өтемақылар;
- еңбек жағдайлары өндірістік процесс, құрылыс кезеңдері және жұмыстар көлеміне байланысты белгіленеді.
- Қоғамдық тамақтану саласына арналған үлгілік еңбек шарты келесіні көздейді:
- санитарлық талаптарды сақтау жөніндегі ережелердің болуы (санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, гигиена ережелерін және азық-түлік өнімдерінің сапа стандарттарын міндетті сақтау);
- медициналық кітапшаның болуына қойылатын талап (жұмыскерде жарамды медициналық кітапша болуы және тұрақты медициналық тексерулерден өтуі міндетті);
- азық-түлікпен жұмыс істеуге қатысты егжей-тегжейлі міндеттерді (тұтыну мерзімін, сақтау шарттарын, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауды) қамтиды;
- жабдықпен жұмыс істеуді (ас үй құралдарымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын міндетті сақтау (пышақтар, плиталар және т.б.)) қамтиды;
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кеңейтілген міндеттер (жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және қауіпсіздік ережелерін сақтау). Үлгілік еңбек шарттарына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/documents/details/1021650?lang=kk



