Ұлытау облысның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыруға, экономикалық өсуге және облыстың агроөнеркәсіптік кешені салаларының сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру, облыстың азық-түлік нарығын қолжетімді, қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен толықтыруға жәрдемдесу, тұқым шаруашылығын және астық өндірісін, асыл тұқымды мал шаруашылығын, фитосанитариялық қауіпсіздікті дамыту үшін жағдай жасау, жер қатынастарын тиімді дамытуды қамтамасыз ету, жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану, жерлердің сапалық жағдайын арттыру және мониторингі, облыстың жер қорын бөлу есебін жүргізу, жер учаскелерін ұсынудың айқындығын қамтамасыз ету, жерге орналастыруды жүргізу болып табылады.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы қандай негіздер бойынша тоқтатылады?

    Жауап

    Құқықтан бас тартқанда, мерзімі өткенде, учаскені алып қойғанда, құқықты иеліктен шығарғанда және учаскені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағанда тоқтатылады.

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалдау мерзімін қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді. Қызметті онлайн қалай алуға болады: Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз. Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз. Өтінімді ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді. Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар): Өтініш . Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар). Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).

    Сұрақ

    Можно ли получить земельный участок в аренду?

    Жауап

    Иә, Қазақстанда жер учаскесін жалға алуға (пайдалануға) болады. 1. Жерді жалға алу деген не? Жер учаскесін жалға алу — жерді уақытша пайдалану құқығы, бірақ жер мемлекеттің немесе басқа меншік иесінің меншігінде қалады. Сіз жерді белгілі бір мерзімге пайдалана аласыз (мысалы, 1 жылдан 49 жылға дейін).. Жер тек шартта көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылады: тұрғын үй салу, шаруашылық жүргізу, өндіріс және т.б. 2. Жерді жалға алуды қалай рәсімдеуге болады? Өтінішті жергілікті әкімдікке беру Жер учаскесін жалға алу үшін қала немесе ауыл әкімдігіне жүгіну қажет. 2. Шарт жасау Шартта пайдалану мақсаты, жалға алу мерзімі, төлем мөлшері және басқа да шарттар көрсетіледі. 3. Тіркеу Жер учаскесін кадастрда тіркеу қажет, бұл шартқа заңды күш береді. 3. Қандай шарттар бар Жер тек шартта көрсетілген мақсат бойынша пайдаланылуы тиіс. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жер қайтарылуы керек. Жалға алу ақылы болуы мүмкін немесе жеңілдетілген шарттармен берілуі мүмкін.

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалға алу мерзімім аяқталғалы жатыр. Мерзімді ұзарту туралы өтінішті қашан беруім керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, жер пайдаланушы (жалға алушы) уәкілетті органға жалдау шартының мерзімін ұзарту ниеті туралы тиісті түрде рәсімделген хабарламаны жалдау шартында көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті.

    Сұрақ

    Жер учаскіні өз еркімен қайтару үшін өтінішті қалай беру керек?

    Жауап

    Өтініште жер учаскісінің координаттарын көрсетіп, лицензияны жібересіздер. Біз жер учаскіні қайтару бойынша комиссияны құрастырып, қаулы шығарып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін не істеу керек?

    Жауап

    Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін "E-license" порталы арқылы өтініш беріп, келесі құжаттарды қоса беру керек: 1. Контракт, лицензия; 2. Жер учаскілерінің координаттары.

    Правила

    Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.

    Правила

    Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36343 болып тіркелді.

    Правила

    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашада № 17741 болып тіркелді.

    Правила

    Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17320 болып тіркелді.

    Правила

    Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18404 болып тіркелді.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.