Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді.
Қызметтіонлайнқалайалуғаболады:
- Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз.
- Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- Өтінімді ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
- Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар).
- Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).