Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?
Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану (орнату немесе орналастыру) жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай жағдайда ескерту жасалуы немесе айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. 418-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

