"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Орал қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Жауап

    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді
    т и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген
    өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет


    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді
    т и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы .
    Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген
    өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет.
    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы өзін өзі
    ұсынған тұлғалардан өтініштер қабылданбайды.
    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы
    өтініштер өкілді органдардың шақырылымы кезеңінде жылына екі реттен артық
    е н г і з і л м е й д і .
    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы өтелмеген немесе
    алынбаған айыбы бар (сотталған) тұлғаға берілмейді.
    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы
    мәселенің қаралуы және шешімнің қабылдануы атаққа ұсынылған тұлғаның
    қ а т ы с у ы н с ы з ж ү з е г е а с ы р ы л у ы м ү м к і н .
    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім
    тиісті мәслихат сессиясында дауыс беру арқылы қатысып отырған депутаттардың
    көпшілік дауысымен қабылданады.


    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 18 тамыздағы N 13-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 3031 тіркелді

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V0900003031

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану (орнату немесе орналастыру) жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай жағдайда ескерту жасалуы немесе айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. 418-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

    Сұрақ

    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы" спорттық разрядтары қалай беріледі?

    Жауап

    Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады. Бөлім бойынша «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты; спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 және ҚР мәдениет және спорт министрінің м.а. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде көрсетіледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P14000000

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалдау шарты жалға алушы қайтыс болған жағдайда кімнің атына қайта рәсімделеді?

    Жауап

    Жалға алушы қайтыс болған жағдайда, егер оның отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) осы тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты бірге тұрған болса, жалдау шарты олардың біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін. Егер жалға алушы жалғыз тұрған болса немесе отбасы мүшелері бірге тұрмаған болса, тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалға алушысы қайтыс болған жағдайда, жалдау шарты оның отбасы мүшелерінің біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін, егер заңнама талаптары сақталса. Жалдау шарты қайта рәсімделетін жағдайлар: Жалдау шарты келесі шарттар сақталған кезде қайта рәсімделеді: жалға алушымен бірге отбасы мүшелері тұрақты тұрған (жұбайы, балалары); олар осы тұрғын үйде тіркелген; тұрғын үйде нақты бірге тұрған; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келеді. Бұл жағдайда отбасы мүшелерінің бірі уәкілетті органға жүгініп, жалдау шартын қайта рәсімдей алады. Тұрғын үй мемлекеттік қорға қайтарылатын жағдайлар: Тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылады, егер: жалға алушы жалғыз тұрған болса; отбасы мүшелері тұрғын үйде тіркелмеген болса; отбасы мүшелері жалға алушымен бірге нақты тұрмаған болса. Жалдау шартын ұзарту немесе қайта рәсімдеу үшін қажет болуы мүмкін құжаттар: (нақты жағдайға байланысты) Тұрғын үйді жалдау (аренда) шартын ұзарту немесе қайта рәсімдеу туралы өтініш. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің немесе паспорттарының көшірмелері. Отбасылық жағдайды растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда): неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік; отбасы мүшесінің қайтыс болғаны туралы куәлік; балалардың туу туралы куәліктері; өтініш берушінің некеде тұрмайтыны туралы анықтама. Әділет органдарының аумақтық бөлімшесі (ХҚКО) беретін Ф-6 нысанындағы анықтама, яғни өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000094_

    Сұрақ

    Орал каласының коммерциялык ғимараттарының сырткы көрнектерінде мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген жағдайда нестеу керек?

    Жауап

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет. Арыз-шағым түседі: Жеке немесе заңды тұлғалардан мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы туралы арыз немесе шағым қабылданады. Бұл шағымды мемлекеттік органдар, азаматтар немесе басқа ұйымдар беруі мүмкін. Орын алған жағдай бойынша анықтау жұмыстары жүргізіледі: Шағымды алғаннан кейін, тиісті мемлекеттік орган (әкімдік немесе тіл басқармасы) жағдайды анықтау үшін тексеру жүргізеді. Бұл тексеру барысында ғимараттың сыртқы көрінісі мен көрсетілген ақпараттың тілдік талаптарға сәйкестігі қаралады. Әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылады: Егер тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталса, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Бұл хаттама бойынша заң бұзушылық жасаған тарапты әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімі басталады. Бір жылдың ішінде қайта шағым түсетін болса айыппұл салынады: Егер бір жыл ішінде сол жеғдайға қатысты қайта шағым түссе немесе заң бұзушылық қайталанса, онда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе басқа жауапты тұлғаларға айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талаптарына сәйкес белгіленеді. Тіл туралы заң 21 бап https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970001151_

    Сұрақ

    Үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсыну үшін esep.govtec.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-порталда авторизациялау/тіркеу үшін заңды тұлғаға электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) алу талап етіледі. Қалыптастырылған мәліметтер заңды тұлғаға немесе оны алмастыратын тұлғаға берілген электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландрылады. Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезеңдегі ақпаратты және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар бойынша ақпаратты көрсете отырып, өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынады. ҚР "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңының 41-бабы 5 - тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_

    Сұрақ

    Үйді немесе дүкенді қайта жабдықтау/реконструкциялау/қайта жоспарлауға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Реконструкцияға(қайта жабдықтау/қайта жоспарлау) рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне электрондық портал арқылы өтініш беру қажет Құрылыс(реконструкция) жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады: 1)құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беру жағдайларынан басқа); Өтініш Беру порталы: gov.ggk.kz Әрекет тәртібі: ЭЦҚ арқылы gov.ggk.kz порталына кіріңіз. Қызметтер тізімінен «Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын (АЖТ) беру» қызметін таңдаңыз. Өтінішті толтырыңыз: жер учаскесінің кадастрлық нөмірін көрсетіңіз; құрылыс мақсатын таңдаңыз (Тұрғын үй, дүкен және т. б.); жер құқығын растайтын құжаттарды, техникалық жобаны, техникалық паспортты, мемлекеттік актіні, сауалнама парағын тіркеңіз. ЭЦҚ өтінішіне қол қойып, жіберіңіз. Белгіленген мерзім ішінде (15 жұмыс күніне дейін) жеке кабинеттен АПЗ алыңыз. 3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі - жобалау)және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу (егер қажет болса); 4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету, Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру(егер қажет болса); 5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру. Өтініш беру порталы: elicense.kz Әрекет тәртібі: ЭЦҚ арқылы elicense.kz порталына кіріңіз. «Салынған нысанды пайдалануға қабылдау» қызметін табыңыз (аймаққа байланысты атауы сәл өзгеруі мүмкін). Өтінішті толтырыңыз: нысан туралы мәліметтерді көрсетіңіз; техникалық паспорт пен атқарушылық құжаттаманы тіркеңіз; қажет болған жағдайда — бақылаушы органдардың қорытындыларын қосыңыз. Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз. Нысан талаптарға сай болған жағдайда, қабылдау актісі (пайдалануға енгізу) электронды түрде беріледі. Об утверждении Правил организации застройки и прохождения разрешительных процедур в сфере строительства Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 750. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12684. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012684#z75

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тергеп- тексеру жүргізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру қызметтерімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру жөніндегі қызмет қызметтік тергеп-тексеру болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тәртіптік терiс қылық жасағаны туралы мәлiметтер: жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары, құқық қорғау органдары мен өзге мемлекеттiк органдардың материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, тәртіптік теріс қылық жасаған адам жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтiк жазбахаттары не ұсынулары және өзге де материалдар қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтары бойынша қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттік әкімшілік қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамға (бұдан әрі – уәкілетті адам) жасалған теріс қылық туралы мәлімет келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті адамның актісімен тағайындалады. Қызметтiк тергеп-тексерулер: 1) мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған; 2) мемлекеттік әкімшілік қызметші демалыста немесе iссапарда болған; 3) мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындаған уақытта оны өз лауазымдық міндеттерін орындаудан босатқан; 4) мемлекеттік әкімшілік қызметші даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болған; 5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне ол сот тәртібімен шағым жасаған кезеңде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген төтенше жағдай ретінде түсінілетін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 7) қызметтік тергеп-тексерулерді жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салу мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де субъектілерге жіберілген кезеңде тоқтатыла тұрады. Қызметтiк тергеп-тексеру уәкілетті адамның шешімімен тоқтатыла тұрады және қайта жалғастырылады. Қызметтiк тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу жүктелген адамдар өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан мемлекеттік әкімшілік қызметшіден жазбаша түсініктемені талап етеді, тәртіптік терiс қылықтың жасалу мән-жайларына және тергеп-тексерудiң өзге де негiздерiне қатысты барлық материалдар мен мәлiметтердi жан-жақты әрi толық жинайды. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстыруға тиіс. Мемлекеттік әкімшілік қызметшi жазбаша түсiнiктеме беруден немесе қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысқанын өз қолын қойып растаудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) жұмыскерлерi не қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу жүктелген адамдар тиісті акт жасайды, ол қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркеледі. Жинақталған материалдар тиісті уәжді қорытындымен бірге Комиссияның қарауына ұсынылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары" https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000152

    Сұрақ

    Үйіңізді орталықтандырылған жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қалай қосуға болады?

    Жауап

    Жылу мен ыстық суды қосу үшін жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарын алуға өтініш беру қажет. 1. Жылу желілеріне қосудың техникалық шарттарын өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 жылғы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» негізінде әзірлейді. 2. Техникалық шарттар объектінің орналасқан жерінің сызбасымен және тұтыну түрлері бойынша қосылатын жүктемемен бірге жазбаша өтініш негізінде беріледі. 3. Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 3 - тарауының 9-тармағына сәйкес техникалық шарттарды беру мерзімі - бес жұмыс күні ішінде. 4. Объектіні жылумен жабдықтау жүйесіне оңтайлы қосу үшін қолданыстағы жылу желілеріне қосылу нүктесін анықтау керек, материалдарды сапалы өңдеу және дайындау үшін қосымша уақытты қажет ететін жаңадан қосылған объектіні ескере отырып, жылу желісінің өткізу қабілетін анықтау үшін гидравликалық есептеулер мен жылу есептеулерін жүргізу қажет. 5. Қосылу шарттары жылу желілерінің қуат резервін талдағаннан кейін анықталады. Жылу желілеріне қосылу нүктесі учаске бастығы мен ӨТБ бастығы орнына барғаннан кейін анықталады. 6. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда (жылу желісінің қолда бар қуаты мен өткізу қабілеті болмаған жағдайда) уәжді бас тарту беріледі. 7. Техникалық шарттарды беру үшін ақы алынбайды. «Жайықжылуқуат» АҚ техникалық шарттарды беруден кейінгі әрекеттер алгоритмін жасады: 1. Өндірістік-техникалық бөлімде сыртқы жылу желісін «Жайықжылуқуат» АҚ желілеріне қосу жобасын келісу. 2. Жылу желісін тартып, жылу торабы мен жылу энергиясын есепке алу аспабын монтаждағаннан кейін қабылдау және жылу инспекциясы өкіліне тапсыру (пломбалау) жүргізу. 3. Жылу желілеріне қосуға жазбаша өтініш беру. Жылу желісін кесу жылу желісін ажыратуға берілген наряд-тапсырма негізінде учаске бастығының бақылауымен жүргізіледі. 4. Өндірістік-техникалық бөлім өкілімен бірге баланстық тиесілік және пайдалану жауапкершілігінің шекарасын бөлу актісін ресімдеу. 5. Жылумен жабдықтау шартын жасау үшін өткізу бөліміне жазбаша өтініш беру. 6. Жылумен жабдықтауға қосу үшін жазбаша өтініш беру. Қосу жұмыстары жылу желісін қосуға берілген наряд-тапсырма негізінде учаске бастығының басшылығымен жүргізіледі. ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 ж. №211 бұйрығымен бекітілген "Жылу энергиясын пайдалану қағидалары" https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010234

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.