Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады.
Бөлім бойынша «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 және ҚР мәдениет және спорт министрінің м.а. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде көрсетіледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P14000000