Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

    Агенттік туралы

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    📞 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған колл-орталық жұмыс істейді. Колл-орталық Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Колл-орталық мамандары: 💬 E-Otinish жүйесі арқылы өтініштерді, шағымдарды және ресми сұрауларды жолдау мәселелері бойынша консультация береді; 🎧 Агенттік қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; 📞 Жауапты құрылымдық бөлімшелердің байланыс деректері мен телефон нөмірлері туралы ақпарат ұсынады. ☎️ Колл-орталықтың байланыс нөмірі: 74-34-01 Жұмыс уақыты: 09.00-ден - 13.00-ге дейін. Біз диалогқа әрқашан ашықпыз және қажетті ақпарат пен консультациялық қолдау көрсетуге дайынбыз.

    ОтырысАяқталды

    БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Мемлекет басшысы ізгілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шара ретінде әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жасауға бастамашылық жасады. Осы бастаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Заң жобасы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша айыппұлдар түріндегі әкімшілік жазаларды орындаудан босатуды көздейді. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бағыты бойынша әкімшілік рақымшылық бәсекелестік және тауар биржалары саласындағы жекелеген құқық бұзушылықтарға қатысты болады. Сөз жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159 (5-6- б .) , 160 (1- б .) , 161, 162, 163, 163-1, 185 және 268-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар туралы болып отыр. Бұл ретте әкімшілік рақымшылық соттар салған айыппұлдарға, сондай-ақ қайталама әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылмайды. Рақымшылықты іске асыру үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланылатын болады. Заң күшіне енгеннен кейін жүйе автоматты түрде рақымшылыққа жататын адамдардың тізбесін жасайды. Шешімдер электрондық форматта қабылданып, уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын болады. Рақымшылықты қолдану туралы ақпарат азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне цифрлық сервистер және СМС-хабарламалар арқылы жеткізілетін болады. Қазіргі уақытта Заң жобасын Мәжіліс қабылдап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына жіберді. Заң күшіне енгеннен кейін Агенттік заңнамада белгіленген мерзімдерде көзделген тетіктерді іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

    ОтырысАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

    Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру басқармасының басшысы Шынар Зинонқызы Абдрахманова қатысуымен тақырыптық семинар өткізілді. Семинар барысында темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зияны, темекі тұтыну деңгейін төмендету шаралары, сондай-ақ никотинге тәуелділіктің алдын алудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Спикер қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да ақпарат берді. Қазақстан Республикасында бұл бағыттағы талаптар жыл сайын күшейтілуде. Заңнамалық шектеулер кәдімгі темекімен қатар кальяндарға, вейптерге, электронды темекілерге және темекіні қыздыру жүйелеріне де қолданылады. Кафелерде, мейрамханаларда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көліктерде, білім беру ұйымдарында, саябақтарда, балалар алаңдарында және өзге де қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған. Темекі түтінінен азат, қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар іс-шара барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға бағытталған шаралар туралы айтылды. Семинарға қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын алдағы уақытта да өткізудің маңыздылығын жеткізді.

    ОтырысАяқталды

    БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды. 1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамыту Кеңеске Агенттік бұрын жүргізген электрондық құжат айналымы жүйелерін ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы ақпарат берілді. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері бірлескен «Жол картасын» іске асыру барысы туралы баяндады. 2) Қызмет нәтижелері және бюджет Кеңеске 2025 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік барлық 11 негізгі көрсеткіштің 100% орындалуын қамтамасыз еткені туралы баяндалды. Атап айтқанда, тауар нарықтарында 14 кедергі жойылып, нормативтік құқықтық актілердің бәсекелестікке әсерін бағалау толық қамтылды және басқа да шаралар жүзеге асырылды. Агенттіктің 3,8 млрд теңге көлеміндегі бюджеті 100% игерілді. Сонымен қатар, баяндама аясында Агенттік өкілдері өз цифрлық экожүйесін әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады, бұл монополияға қарсы бақылауды автоматтандыруға және бағдарламалық қамтамасыз етудің сыртқы жеткізушілеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

    ОтырысАяқталды

    АГЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

    Жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара конструктивті әрі ашық атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды. Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары бойынша мазмұнды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен оны өткеру ерекшеліктері жан-жақты баяндалды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған іс-шара Агенттіктің ашықтық, айқындық және жастармен белсенді өзара іс-қимыл қағидаттарына бейілділігін айқын көрсетті. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты қалыптастыруға және болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

    ОтырысАяқталды

    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов бастаған қазақстандық делегация ЕАЭО мен ТМД мүше мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарына арналған бірқатар іс-шараларға қатысты. Іс-шаралар Беларусь Республикасының Брест қаласында өтті. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің қатысуымен «5+1» форматындағы кезекті кеңес, ТМД қатысушы мемлекеттерінің антимонополиялық заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеу жөніндегі Штабының 45-отырысы және Бәсекелестік саясаты жөніндегі мемлекетаралық кеңес (БСМК) 59-шы отырысы өтті. Штаб пен БСМК отырыстарында ағымдағы кезеңдегі қызмет қорытындылары шығарылды. Қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі бәсекелестік саласындағы болашақ бағыттарды талқылап, сондай-ақ екі талдамалық есепті бекітті: «ТМД қатысушы мемлекеттеріндегі баға (тариф) мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу», «Бәсекелестік саласындағы құқық бұзушылықтардан зардап шеккендерді азаматтық-құқықтық қорғау». Аталған құжаттар ТМД-ның жоғары органдарына белгіленген тәртіппен қарауға ұсынылатын болады. Қазақстан делегациясының басшысы Рустам Ахметов өз баяндамасында АЗРК-ның ағымдағы қызметінің негізгі бағыттарына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанның негізгі тауар нарықтарында қабылданып жатқан шаралар, либерализация процестері, биржалық сауда мәселелері және БҚДА-ның цифрлық экожүйесін дамыту барысы туралы айтты. Кездесу барысында сондай-ақ жасанды интеллекттің бәсекелестік жағдайына әсері талқыланды. Қорытындысы бойынша «Монополияға қарсы органдар қызметінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллекттің әсері» тақырыбындағы есеп жобасына ақпарат ұсыну туралы шешім қабылданды. ЕЭК-тің «5+1» форматындағы кеңесінде ЕАЭО-ның ұлттық бәсекелестік органдары трансшекаралық нарық критерийлерін қайта қарау, ортақ бәсекелестік қағидаларын бұзу істерін қарау кезінде сараптама жүргізу тетіктері және 2026 жылға арналған ЕЭК-тің салалық зерттеулер жүргізетін нарықтар тізбесін айқындау мәселелері бойынша өз ұстанымдарын таныстырды. БСМК — ТМД шеңберіндегі салалық ынтымақтастықтың тұрақты түрде, әдетте ТМД қатысушы мемлекеттерінің астаналарында жылына екі реттен кем емес өткізілетін санаулы органдарының бірі болып табылады. Келесі ЕЭК және БСМК отырыстарын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

    Ақпарат

    Қызметтердің құнын қалыптастыру кезінде, белгілерді орналастырғаны үшін негізсіз ақы алуға жол бермеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне басқарушы компаниялардан, МИБ-тен, қарапайым серіктестіктерден және кондоминиум объектілерін басқарудың өзге де субъектілерінен көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне белгілер орналастырғаны үшін ақы алудың заңдылығы туралы өтініштер келіп түсуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгі жеке және заңды тұлғалар қызметінің нақты жүзеге асырылатын орны бойынша орналастырылатын атауы мен қызмет түрі туралы ақпаратты көрсетіледі. Бұл ретте заңнамада «белгі» және «сыртқы (көрнекі) жарнама» ұғымдары ажыратылады. Белгі «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-1-тармағына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайды, оны орналастыру үшін хабарлама жасау тәртібі және төлемақы енгізу көзделген. Осылайша, кәсіпкерлік субъектісі туралы және заңнама талаптарына сәйкес келетін сәйкестендіру ақпараты бар белгіні орналастырудың өзі міндетті түрде ақы алу үшін негіз болып табылмайды. Көп пәтерлі тұрғын үйдің қасбеті кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататынын және оны пайдалану мәселелерін меншік иелері жиналысының шешімдерімен немесе шарттық қатынастармен реттеуге болатындығын ескеру қажет. Сонымен қатар, төлемақы белгілеу азаматтық заңнаманың және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 116-бабына сәйкес, заңнамада тікелей көзделген мемлекеттік реттеу жағдайларын қоспағанда, бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды. Осыған байланысты белгілерді орналастырғаны үшін төлем нақты көрсетілетін қызмет не ортақ мүлікті пайдалану құқығы, ақы алудың құқықтық негізі, оның мөлшерінің экономикалық негізділігі, сондай-ақ келісілген шарттық шарттар не заңда көзделген жағдайларда меншік иелері жиналысының шешімі болған кезде ғана рұқсат етіледі. Қызмет, құқықтық негіз немесе шарттық қатынастар болмаған кезде белгіні орналастыру фактісі үшін ғана ақы алу кәсіпкерлік қызмет үшін негізсіз кедергілер жасау ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, кондоминиум объектісін басқару субъектісінде айрықша жағдай болған және нақты көрсетілетін қызметтер көлеміне сәйкес келмейтін экономикалық негізсіз төлем белгіленген кезде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу тәуекелдері, оның ішінде монополиялық жоғары бағаны белгілеу белгілері туындауы мүмкін. Осыған орай, кондоминиум объектілерін басқару субъектілеріне қызметтердің құнын қалыптастыруды ашық, кемсітусіз және экономикалық негізделген негізде қамтамасыз ету ұсынылады.

    Протокол

    2024 жылғы № 14 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    2024 жылғы № 14 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    Протокол

    2024 жылғы № 13 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    2024 жылғы № 13 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    Протокол

    2024 жылғы № 12 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    2024 жылғы № 12 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    Протокол

    2024 жылғы № 11 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    2024 жылғы № 11 хаттама Қостанай облысының кедергілер жөніндегі Кеңесінің отырыстары

    Протокол

    Протокол № 24 Заседания Совета по барьерам Костанайской области 2024 год

    Протокол № 24 Заседания Совета по барьерам Костанайской области 2024 год

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.