АГЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Жоғары оқу орындарының студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара конструктивті әрі ашық атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды.

    Кездесу барысында Агенттіктің негізгі қызмет бағыттары бойынша мазмұнды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен оны өткеру ерекшеліктері жан-жақты баяндалды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

    Аталған іс-шара Агенттіктің ашықтық, айқындық және жастармен белсенді өзара іс-қимыл қағидаттарына бейілділігін айқын көрсетті. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты қалыптастыруға және болашақ мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

    Ұқсас материалдар

    ДругоеАяқталды

    АГЕНТТІКТЕ АЗАМАТТАР МЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОЛЛ-ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

    📞 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне арналған колл-орталық жұмыс істейді. Колл-орталық Агенттіктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Колл-орталық мамандары: 💬 E-Otinish жүйесі арқылы өтініштерді, шағымдарды және ресми сұрауларды жолдау мәселелері бойынша консультация береді; 🎧 Агенттік қызметіне қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; 📞 Жауапты құрылымдық бөлімшелердің байланыс деректері мен телефон нөмірлері туралы ақпарат ұсынады. ☎️ Колл-орталықтың байланыс нөмірі: 74-34-01 Жұмыс уақыты: 09.00-ден - 13.00-ге дейін. Біз диалогқа әрқашан ашықпыз және қажетті ақпарат пен консультациялық қолдау көрсетуге дайынбыз.

    ИнтервьюАяқталды

    БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ

    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты Мемлекет басшысы ізгілік қағидаттарын іске асыруға және азаматтар мен бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шара ретінде әкімшілік және қылмыстық рақымшылық жасауға бастамашылық жасады. Осы бастаманы іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді. Заң жобасы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша айыппұлдар түріндегі әкімшілік жазаларды орындаудан босатуды көздейді. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бағыты бойынша әкімшілік рақымшылық бәсекелестік және тауар биржалары саласындағы жекелеген құқық бұзушылықтарға қатысты болады. Сөз жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159 (5-6- б .) , 160 (1- б .) , 161, 162, 163, 163-1, 185 және 268-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар туралы болып отыр. Бұл ретте әкімшілік рақымшылық соттар салған айыппұлдарға, сондай-ақ қайталама әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылмайды. Рақымшылықты іске асыру үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланылатын болады. Заң күшіне енгеннен кейін жүйе автоматты түрде рақымшылыққа жататын адамдардың тізбесін жасайды. Шешімдер электрондық форматта қабылданып, уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын болады. Рақымшылықты қолдану туралы ақпарат азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне цифрлық сервистер және СМС-хабарламалар арқылы жеткізілетін болады. Қазіргі уақытта Заң жобасын Мәжіліс қабылдап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына жіберді. Заң күшіне енгеннен кейін Агенттік заңнамада белгіленген мерзімдерде көзделген тетіктерді іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.

    КездесуАяқталды

    МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЯСАТЫ

    Мемлекеттік қызметшілер арасында темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Агенттікте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салауатты өмір салтын қалыптастыру басқармасының басшысы Шынар Зинонқызы Абдрахманова қатысуымен тақырыптық семинар өткізілді. Семинар барысында темекі өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зияны, темекі тұтыну деңгейін төмендету шаралары, сондай-ақ никотинге тәуелділіктің алдын алудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Спикер қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да ақпарат берді. Қазақстан Республикасында бұл бағыттағы талаптар жыл сайын күшейтілуде. Заңнамалық шектеулер кәдімгі темекімен қатар кальяндарға, вейптерге, электронды темекілерге және темекіні қыздыру жүйелеріне де қолданылады. Кафелерде, мейрамханаларда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көліктерде, білім беру ұйымдарында, саябақтарда, балалар алаңдарында және өзге де қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған. Темекі түтінінен азат, қолайлы әрі қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар іс-шара барысында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға бағытталған шаралар туралы айтылды. Семинарға қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын алдағы уақытта да өткізудің маңыздылығын жеткізді.

    КездесуАяқталды

    БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста электрондық құжат айналымы нарығындағы кедергілерді жою шаралары талқыланып, 2025 жылдағы жұмыс қорытындылары шығарылды. 1) Электрондық құжат айналымы саласындағы бәсекелестікті дамыту Кеңеске Агенттік бұрын жүргізген электрондық құжат айналымы жүйелерін ұсыну қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері туралы ақпарат берілді. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері бірлескен «Жол картасын» іске асыру барысы туралы баяндады. 2) Қызмет нәтижелері және бюджет Кеңеске 2025 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік барлық 11 негізгі көрсеткіштің 100% орындалуын қамтамасыз еткені туралы баяндалды. Атап айтқанда, тауар нарықтарында 14 кедергі жойылып, нормативтік құқықтық актілердің бәсекелестікке әсерін бағалау толық қамтылды және басқа да шаралар жүзеге асырылды. Агенттіктің 3,8 млрд теңге көлеміндегі бюджеті 100% игерілді. Сонымен қатар, баяндама аясында Агенттік өкілдері өз цифрлық экожүйесін әзірлеу жоспарланып отырғанын хабарлады, бұл монополияға қарсы бақылауды автоматтандыруға және бағдарламалық қамтамасыз етудің сыртқы жеткізушілеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

    КездесуАяқталды

    БҚДА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЭК ЖӘНЕ БСМК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

    Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов бастаған қазақстандық делегация ЕАЭО мен ТМД мүше мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарына арналған бірқатар іс-шараларға қатысты. Іс-шаралар Беларусь Республикасының Брест қаласында өтті. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және антимонополиялық реттеу жөніндегі Алқа мүшесінің қатысуымен «5+1» форматындағы кезекті кеңес, ТМД қатысушы мемлекеттерінің антимонополиялық заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеу жөніндегі Штабының 45-отырысы және Бәсекелестік саясаты жөніндегі мемлекетаралық кеңес (БСМК) 59-шы отырысы өтті. Штаб пен БСМК отырыстарында ағымдағы кезеңдегі қызмет қорытындылары шығарылды. Қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі бәсекелестік саласындағы болашақ бағыттарды талқылап, сондай-ақ екі талдамалық есепті бекітті: «ТМД қатысушы мемлекеттеріндегі баға (тариф) мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу», «Бәсекелестік саласындағы құқық бұзушылықтардан зардап шеккендерді азаматтық-құқықтық қорғау». Аталған құжаттар ТМД-ның жоғары органдарына белгіленген тәртіппен қарауға ұсынылатын болады. Қазақстан делегациясының басшысы Рустам Ахметов өз баяндамасында АЗРК-ның ағымдағы қызметінің негізгі бағыттарына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанның негізгі тауар нарықтарында қабылданып жатқан шаралар, либерализация процестері, биржалық сауда мәселелері және БҚДА-ның цифрлық экожүйесін дамыту барысы туралы айтты. Кездесу барысында сондай-ақ жасанды интеллекттің бәсекелестік жағдайына әсері талқыланды. Қорытындысы бойынша «Монополияға қарсы органдар қызметінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллекттің әсері» тақырыбындағы есеп жобасына ақпарат ұсыну туралы шешім қабылданды. ЕЭК-тің «5+1» форматындағы кеңесінде ЕАЭО-ның ұлттық бәсекелестік органдары трансшекаралық нарық критерийлерін қайта қарау, ортақ бәсекелестік қағидаларын бұзу істерін қарау кезінде сараптама жүргізу тетіктері және 2026 жылға арналған ЕЭК-тің салалық зерттеулер жүргізетін нарықтар тізбесін айқындау мәселелері бойынша өз ұстанымдарын таныстырды. БСМК — ТМД шеңберіндегі салалық ынтымақтастықтың тұрақты түрде, әдетте ТМД қатысушы мемлекеттерінің астаналарында жылына екі реттен кем емес өткізілетін санаулы органдарының бірі болып табылады. Келесі ЕЭК және БСМК отырыстарын 2026 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

    ОтырысАяқталды

    АГЕНТТІКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    2025 жылғы 29 қазанда бейнеконференцбайланыс форматында А.Ж. Бикебаевтың төрағалығымен және Агенттіктің экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті директорының орынбасары А.М. Жақұповтың қатысуымен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес құрылымдарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру және жекешелендіру мәселелері, сондай-ақ бәсекелестікке ықпал ету тұрғысынан тиісті саладағы мемлекет құрған операторлардың қызметі мен олардың функцияларын мемлекеттік органдарға немесе бәсекелестік ортаға беру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар жанындағы тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қысқарту жөніндегі ұсыныстар қаралды. Белсенді талқылау мен сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті хаттамада көрсетілген бірқатар ұсынымдар әзірледі.

    ПоздравлениеАяқталды

    ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай БҚДА қызметкерлері «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

    Наградалармен марапатталғандар: Сұлтан Ахмет — Стратегиялық даму және бәсекелестік департаменті директорының орынбасары; Гүлжан Арынғазынова — Персоналды басқару департаменті директорының орынбасары; Ернар Қосбаев — Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы; Еркін Қазығұлов — Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары; Ерлан Кәрібаев — Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары. Бұл марапаттау Агенттік мамандарының кәсібилігі мен бәсекелестікті дамыту және қорғау ісіне қосқан елеулі үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді. Агенттік барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

    Диалог алаңыАяқталды

    БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ 2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бикебаев А.Ж. төрағалығымен бейнеконференцбайланыс форматындағы отырысқа Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің Қоғамдық кеңестерінің мүшелері қатысты. БҚДА 2024 жылға арналған Даму жоспарының тиімді орындалғаны туралы баяндады. Жұмыстағы ілгерілеуді дәлелдейтін 12 нысаналы индикаторға қол жеткізілгені атап өтілді. Жекешелендіруге жоспарланған 475 кәсіпорыннан тұратын тізім қалыптастырылып, Президент Әкімшілігіне жолданды. Сонымен бірге Қоғамдық кеңес жекешелендіру қарқынын жеделдету және экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту қажеттілігін, сондай-ақ реттеу және тарифтік саясатты түзету өзектілігін атап өтті. Квазимемлекеттік сектор үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімінің жаңа форматы бекітілді. Тізімде енді компаниялардың атаулары, олардың нарықта болу мерзімдері және географиялық шекаралары көрсетілген. Бұрын құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне рұқсат беретін норма заңнамадан алынып тасталды, бұл мемлекеттің үлесін қысқартуға ықпал етеді. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің Қоғамдық кеңестерінің мүшелері аудиторлық ұйымдардың сапасын бақылау функцияларын Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңеске (АҚКК) беру мәселесін талқылап, АҚКК жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. Белсенді талқылау мен сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша Агенттіктің және реттеу саясатының қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірленді. Қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшесі Микрюков Н.В. мемлекеттік сатып алуларға жекеменшік тәжірибенің қатысуын шектеуі мүмкін бастамаларды тежеудегі Агенттіктің үлесін атап өтті.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.