«Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жобада Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ені кемінде екі шақырым болатын, жалпы ауданы 7 652,54 гектарды құрайтын күзет аймағын жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай белгілеу көзделген.
Құжатты қабылдау Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын қолайсыз антропогендік әсерден ерекше қорғауды қамтамасыз етуге, экологиялық жүйелерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға бағытталған.
Сонымен қатар, жобада «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу көзделген.
Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 31 мамырдағы №6001-22-00-6ап/2159 қаулысының орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жергілікті атқарушы органның өкілеттіктерін іске асыруға мүмкіндік береді.
Жобаны талқылауға қатысу үшін «Ашық НҚА» порталындағы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15852886 сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз.