
2024 жылғы 26 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е. А. Алпысовтың төрағалығымен Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының (Қарағанды қ.) алаңында бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өткізілді. Кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары М. А Ахметов баяндама жасап, жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті бұзу мәселесіне ерекше назар аударды . Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды.