Тікелей эфир

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Тікелей эфир
    БейнеконференцияАяқталды

    Құрметті азаматтар!

    Сіздерді ҚР Әділет министрлігінің ресми парақшасында 8 тамыз күні сағат 11:00-де өтетін тікелей эфирге шақырамыз.

    🎙 Спикер: Досжанова Гаухар Бейсенбекқызы — ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау комитетінің басқарма басшысы.

    📌 Эфир тақырыбы: Атқарушылық іс жүргізудің проблемалық мәселелері

    Эфир барысында спикер:

    ▪ Атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді,

    ▪ Сот актілерін орындау барысындағы негізгі қиындықтарды,

    ▪ Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндіріп береді.

    Сонымен қатар, тікелей эфир барысында сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.

    https://www.instagram.com/adiletgovkz?igsh=czFjYXFlMmFsY2hr

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумын өткізу туралы

    «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумын өткізу туралы 2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумы өтеді. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде жыл сайын өткізілетін «Антиконтрафакт» форумы контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен тәсілдерді талқылау мен қалыптастыруға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, құқық қорғау және кеден қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың, патенттік ведомстволардың және бейінді сарапшылық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Форум аясында зияткерлік меншік саласын цифрландыру, интернет-саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту, темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ цифрлық ортада сенім қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық пікірталас сессияларын өткізу жоспарлануда. Өткізу орны: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18. Форумның басталу уақыты: сағат 09:00. Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://forum.anticounterfeight.org/#program . Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

    14 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің халыққа есеп беру кездесуі

    2021 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Марат Бекетаевтың онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Аталған іс-шара Facebook әлеуметтік желісіндегі Министрліктің ресми парақшасында, сондай-ақ Youtube арнасында көрсетілетін болады.

    4 маусым 2021 ж.Тікелей
    Отчетная встречаАяқталды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің халыққа есеп беру кездесуі

    2020 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Аталған іс-шара «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің интернет-ресурсында, Facebook-та, сондай-ақ Youtube арнасында көрсетілетін болады. Әділет органдары қызметіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылғы 12 маусымға дейін [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.

    19 маусым 2020 ж.Тікелей
    Онлайн в «Казинформ», Facebook, а также на канале YoutubeҚР Әділет министрлігі
    КонкурсАяқталды

    Әділет министрлігі журналистерге арналған конкурс жариялайды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі баспа, электрондық және аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында халықаралық төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі Әділет министрлігінің жұмысын үздік жариялауға ашық шығармашылық конкурс жариялайды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: - азаматтардың құқықтық сана-сезімін және құқықтық ақпараттандырылуын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның шетелдік төрелік және соттар алдындағы беделін тұрақты нығайту жөніндегі Әділетминінің жетістіктерін неғұрлым объективті және жанжақты көрсету; - төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша ӘМ-нің жетістіктерін түсіндіріп тарату. Конкурсқа республикалық, облыстық, қалалық баспа басылымдарының, телерадиокомпаниялардың, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатыса алады. Жеңімпаз Лондонда өтетін ағымдағы сот процестері шеңберіндегі іс-шараларға қатысу құқығына ие болады. Конкурсқа 2019 жылғы 1 маусым мен 2019 жылғы 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 1 қараша мен 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында электронды пошта немесе пошта арқылы мына мекен-жайда қабылданады: [email protected] немесе 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1056 бөлме, «Конкурсқа» деген белгілеумен, байланыс телефондары: 8 (7172) 74-06-01, 55-47-01. Конкурс туралы барлық ақпаратпен http://adilet.gov.kz /sites/default/files/files/polozhenie-o-konkurse-myu-kaz.docx ) сайтында танысуға болады.

    1 шілде 2019 ж.Онлайн
    АнонсАяқталды

    Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

    Ағымдағы жылғы 15 қарашада сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады. Отырыста: 1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары); 2. Заң жобаларының тұжырымдамаларын қарастыру: 2-1) «Ардагерлертуралы» (әзірлеуші ЕХӘҚМ); 2-2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ЕХӘҚМ); 2-3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – СІМ); 2-4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ӘМ). Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет. Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 15 қараша сағат 13.00-ге дейін [email protected] . поштасы арқылы жүргізіледі. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Тел: 74-06-01, 74-06-02

    15 қараша 2019 ж.Тікелей
    Дом министерств, 13 подъезд, 10 этаж, кабинет № 1056, пресс-центр Министерства юстиции РКҚР Әділет министрлігі
    ОбъявлениеАяқталды

    Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген патенттік сенім білдірілген өкілдердің өзін-өзі реттейтін ұйымын құруға Реттеуші әсерді талдау жобасын қоғамдық талқылау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы шеңберінде жаңа реттеуші құралдарды енгізуге байланысты әзірленген міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген патенттік сенім білдірілген өкілдердің өзін-өзі реттейтін ұйымын құру бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасын қоғамдық талқылау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Осыған байланысты реттеуіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, реттеушілік әсерді талдау жобасын 2019 жылғы 12 қарашада сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз: Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, каб. № 1053. Аты-жөні, ЖСН және байланыс мәліметтері көрсетілген кандидатураларды электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. [email protected] , [email protected] , [email protected] 6 қарашаға дейін. Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-86-16, 55-47-41. "On-line" режимінде қоғамдық талқылау "Ашық НҚА" порталында 2019 жылғы 11 қарашадан бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілетінін қосымша хабарлаймыз.

    11 қараша 2019 ж.Тікелей
    Портал «Открытые НПА» (https://legalacts.egov.kz/)ҚР Әділет министрлігі
    ОтырысАяқталды

    Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

    Ағымдағы жылдың 1 қараша 16.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Журналистерді аккредиттеу осы жылдың 1 қарашасында сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі [email protected] электрондық поштасы арқылы . Қазақстан Республикасы Әділет министрінің баспасөз қызметі Тел: 74-06-01, 74-06-02, [email protected]

    1 қараша 2019 ж.Тікелей
    Дом министерств, 13 подъезд, 10 этаж, кабинет № 1056, пресс-центр Министерства юстиции РКҚР Әділет министрлігі
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.