Ағымдағы жылғы 15 қарашада сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.
Отырыста:
1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын және оған Үкімет қорытындысын қарастыру (әзірлеуші – Парламент депутаттары);
2. Заң жобаларының тұжырымдамаларын қарастыру:
2-1) «Ардагерлертуралы» (әзірлеуші ЕХӘҚМ);
2-2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ЕХӘҚМ);
2-3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – СІМ);
2-4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ӘМ).
Өткізілетін орны: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинет.
Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 15 қараша сағат 13.00-ге дейін[email protected]. поштасы арқылы жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02