Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы шеңберінде жаңа реттеуші құралдарды енгізуге байланысты әзірленген міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген патенттік сенім білдірілген өкілдердің өзін-өзі реттейтін ұйымын құру бойынша реттеушілік әсерді талдау жобасын қоғамдық талқылау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты реттеуіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, реттеушілік әсерді талдау жобасын 2019 жылғы 12 қарашада сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз: Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, каб. № 1053.
Аты-жөні, ЖСН және байланыс мәліметтері көрсетілген кандидатураларды электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. [email protected] ,[email protected] ,[email protected] 6 қарашаға дейін.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-86-16, 55-47-41.
"On-line" режимінде қоғамдық талқылау "Ашық НҚА" порталында 2019 жылғы 11 қарашадан бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілетінін қосымша хабарлаймыз.