1 қыркүйек – Білім күні

    Орган
    aksuat-bilim
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    1 қыркүйек – Білім күні
    ПоздравлениеАяқталды
    Құрметті ұстаздар!
    Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!
    Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбетеріңіз әркез жемісті бола берсін. Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.Білім сапасын арттыруда игі бастамаларға шығармашылық ізденіс, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Жаңа оқу жылы ұстаздар мен білім алушыларға жетістікке толы, сәтті болсын!
    Развитие среднего общего образования

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеАяқталды

    Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Құрметті балалар және ата-аналар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз қабілетін жан-жақты дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл мереке – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегін қалыптастыратын азаматтар. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы тәрбие мен білім беру – қоғам алдындағы жауапты міндет. Осынау мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, оқуда табыс, биік белестер мен асқақ армандардың орындалуын тілеймін. Балалардың болашағы жарқын, өмір жолы нұрлы, келешегі кемел болсын! Ізгі тілекпен, Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн. Түлектер үшін бұл – білім мен тәрбиенің, еңбек пен ізденістің нәтижесін саралайтын айтулы сәт. Қадірлі түлектер! Сіздерге алдағы өмір жолында биік мақсат, нық қадам және мол табыс тілейміз. Елдің дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болып өсулеріңізге сенім білдіреміз. Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын! Құрметті ұстаздар! Саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің табандылықтарыңыз бен мейірімдеріңіздің арқасында талай шәкірт үлкен өмірге жолдама алып отыр. Ардақты ата-аналар! Балаларыңыздың жетістігі мен қуанышы құтты болсын! Ұл-қыздарыңыздың мерейі үстем, абыройы асқақ болғай! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл айтулы мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың жарқын белгісі. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы әрі жарқын болашағының кепілі. Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, зор денсаулық тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыстар серік болсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болғай!

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы

    Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жыл басы әрқайсыңызға жаңа қуаныш, шаттық және игі бастамалар әкелсін. Бұл жарқын мереке әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық сыйласын. Көктемнің шуақты күндерімен бірге өмірлеріңізге тың идеялар, жаңа жетістіктер және шығармашылық табыстар келсін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын! Наурыз құтты болсын! 🌿

    5 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ПоздравлениеАяқталды

    Жаңа жыл

    Құрметті Ақсуат ауданының тұрғындары! Сіздерді келе жатқан 2026 жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл әрқашан үміт пен, жаңа жақсы мүмкіндіктер уақыты. Біз өткен жылды қорытындылай келе, барлық маңызды оқиғаларды ризашылықпен еске аламыз және болашаққа сеніммен қараймыз, жоспарлар құрып, алдымызға жаңа мақсаттар қоямыз. 2026 жыл тұрақтылық, жасампаз жетістіктер, бейбітшілік пен келісім жылы болсын. Әр үйде жылулық, қуаныш пен өркендеу, ал жүректерде жақсылыққа деген сенім орнасын. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, кәсіби табыс, өркендеу, өзара түсіністік пен ертеңгі күнге сенімділік тілеймін! Жаңа жыл Сіздердің отбасыңызға қуаныш, сәттілік, үйлесімділік және ең қымбат тілектердің орындалуын әкелсін! Жаңа 2026 жыл құтты болсын! Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Кыдырмолдин

    30 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    АнонсАяқталды

    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды

    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды Абай облысы, Ақсуат ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция өз жұмысын бастады. Шара Ақсуат аудандық полиция бөлімі ұйымдастыруымен өткізіліп, оған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы жұмыс тобының мүшелері белсенді қатысуда. Акцияның мақсаты – әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы тұру, оның алдын алу, қоғамда осы мәселе бойынша ашық пікір алмасу алаңын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Жұмыс тобы акция аясында атқарылатын іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлеп, олардың тиімділігін, мазмұнын және орындалу мерзімдерін талқылады. Жоспарға келесі іс-шаралар кіреді: мектептерде дәрістер мен түсіндіру жұмыстары өткізу; қоғамдық кездесулер ұйымдастыру; жергілікті БАҚ арқылы ақпараттық материалдар жариялау; зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен семинарлар өткізу. Бұл бастама отбасы мен қоғамдағы қауіпсіздік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Акция желтоқсан айының 10-на дейін жалғасады.

    1 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    «10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!

    «10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда! Қазіргі білім кеңістігінде мұғалімнің кәсіби дамуы — сапалы білімнің басты шарты. Осы мақсатта облысымыздың педагогтерінің үздіксіз білім алуын қолдайтын ерекше оқырмандық жоба жүзеге асуда. Жобаның мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және педагогикалық тәжірибені жаңарту. Жобаға енгізілген 10 кітап: «Абай жолы» — М. Әуезов Ұлт руханиятын, адамдық құндылықты терең түсіндіреді. «Педагогика» — М. Жұмабаев Қазақ педагогикасының негізін ашатын классикалық еңбек. «Қазақ тарихының әліппесі» — М. Мағауин Ұлт тарихына көзқарасты қалыптастырады. «Үш өлшемді оқыту жүйесі» — Ж. Қараев Заманауи оқыту технологияларын түсіндіреді. «Visible Learning» — Джон Хэтти Оқушы жетістігіне әсер ететін факторларды ғылыми тұрғыда талдайды. «Шығармашыл мектептер» — Кен Робинсон Шығармашылықты дамытуға арналған жаңа көзқарас. «7 дағды» — Стивен Кови Тұлғалық және кәсіби тиімділікті арттырады. «Эмоционалды интеллект» — Д. Гоулман Қарым-қатынас мәдениетін жақсартады. «Тамаша мұғалімдер...» — Тодд Уитакер Ең үздік педагогтардың тәжірибелік тәсілдері. «Стресссіз тәртіп» — М. Маршалл Оқушымен жұмыс істеудің адамгершілікке негізделген әдістері. Жобаның маңызы «10 кітап – 1 мақсат» — тек оқу емес, мұғалімнің өзін-өзі дамыту саяхаты. Кітап оқу – мұғалім үшін жаңа идеялардың бастауы, педагогикалық тәжірибені жаңартудың сенімді жолы.

    1 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.