
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды
Абай облысы, Ақсуат ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция өз жұмысын бастады. Шара Ақсуат аудандық полиция бөлімі ұйымдастыруымен өткізіліп, оған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы жұмыс тобының мүшелері белсенді қатысуда.
Акцияның мақсаты – әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы тұру, оның алдын алу, қоғамда осы мәселе бойынша ашық пікір алмасу алаңын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Жұмыс тобы акция аясында атқарылатын іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлеп, олардың тиімділігін, мазмұнын және орындалу мерзімдерін талқылады. Жоспарға келесі іс-шаралар кіреді:
мектептерде дәрістер мен түсіндіру жұмыстары өткізу;
қоғамдық кездесулер ұйымдастыру;
жергілікті БАҚ арқылы ақпараттық материалдар жариялау;
зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен семинарлар өткізу.
Бұл бастама отбасы мен қоғамдағы қауіпсіздік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Акция желтоқсан айының 10-на дейін жалғасады.