
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл айтулы мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың жарқын белгісі. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы әрі жарқын болашағының кепілі.
Әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, зор денсаулық тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыстар серік болсын!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болғай!