
Құрметті балалар және ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз қабілетін жан-жақты дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бұл мереке – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегін қалыптастыратын азаматтар. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы тәрбие мен білім беру – қоғам алдындағы жауапты міндет.
Осынау мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, оқуда табыс, биік белестер мен асқақ армандардың орындалуын тілеймін.
Балалардың болашағы жарқын, өмір жолы нұрлы, келешегі кемел болсын!
Ізгі тілекпен,
Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы
Амангелді Шаймұратұлы