2025 жылғы 29 қазанда бейнеконференцбайланыс форматында А.Ж. Бикебаевтың төрағалығымен және Агенттіктің экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті директорының орынбасары А.М. Жақұповтың қатысуымен Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес барысында «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес құрылымдарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру және жекешелендіру мәселелері, сондай-ақ бәсекелестікке ықпал ету тұрғысынан тиісті саладағы мемлекет құрған операторлардың қызметі мен олардың функцияларын мемлекеттік органдарға немесе бәсекелестік ортаға беру тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар жанындағы тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды қысқарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Белсенді талқылау мен сындарлы пікір алмасу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті хаттамада көрсетілген бірқатар ұсынымдар әзірледі.