«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы 2025 жылғы 28 қарашада сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Шымкент қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы;
2. Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
3. Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы;
4. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады.
Шымкент қаласымәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов