«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның 100 % акциялар пакетін, «Шымкент бас жоспар» ЖШС-ның 49 % мемлекеттік қатысу үлесін бәсекелестік ортаға беру бойынша көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Көпшілік тыңдау 2026 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-де Шымкент қаласы N. Nazarbaev даңғылы 10/2 мекенжайында орналасқан Түркістан сарайы ғимаратында өтеді.