Кезекті XXХIІ сессия

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен

    қала халқының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы 2025 жылғы 26 желтоқсанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.

    Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:

    1. Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;

    2. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;

    3. «Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы.

    Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

    Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады.

    Шымкент қаласымәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    XXXVI сессияның өту уақыты ауысқаны туралы

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына Сіздерге 2026 жылғы 5 маусым сағат 11.00-де өткізілуі жоспарланған сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 5 маусым күні сағат 9.30-ға ауысқандығын назарларыңызға жеткіземін. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов Орын. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 [email protected]

    5 маусым 2026 ж.Тікелей
    Общественное обсуждениеАяқталды

    Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның 100 % акциялар пакетін, «Шымкент бас жоспар» ЖШС-ның 49 % мемлекеттік қатысу үлесін бәсекелестік ортаға беру бойынша көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Көпшілік тыңдау 2026 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-де Шымкент қаласы N. Nazarbaev даңғылы 10/2 мекенжайында орналасқан Түркістан сарайы ғимаратында өтеді.

    16 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезекті XXХIV сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, № 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы; 2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі; 3. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі туралы; 4. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы А. Елшиева Орын. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 Maslihat _ shm @ mail . ru

    19 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОбъявлениеАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Техникалық себептерге байланысты сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XXXI сессиясы 2025 жылғы 12 желтоқсан сағат 16:00-ге ауысқанын хабарлаймыз.

    12 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезекті XXХІ сессия

    Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясы 2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, №10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының орындалу барысы туралы; 2. Шымкент қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы; 3. «Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/124-VIII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 4. «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 5 . Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы; 6. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссия төрағаларының атқарған жұмыстарының есептері туралы; 7. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы; 8. «Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы; 9. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы; 10. Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы; 11. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы. Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов Орын. А.Мырзабеков Тел. 8 (7252) 24-74-06 Maslihat _ shm @ mail . ru

    12 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кезектен тыс ХХХ сессия

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы 2025 жылғы 28 қарашада сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін. Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Шымкент қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы; 2. Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы; 3. Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы; 4. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы. Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

    28 қараша 2025 ж.Тікелей
    Общественное обсуждениеАяқталды

    Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

    «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясы Шымкент қаласының көшелеріне атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды. Көпшілік тыңдау 2025 жылғы 21 қарашада сағат 16:00 де Шымкент қаласы N.Nazarbaev даңғылы №10/2 мекен-жайында орналасқан Түркістан сарайы ғимаратында өтеді.

    21 қараша 2025 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.