Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен
қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздерді сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылғы 19 ақпанда сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында (оффлайн форматта), Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, № 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы;
2. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарылған жұмыстары туралы есебі;
3. Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
4. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі https://www.youtube.com/@SHMMASLIHAT сайтында жүргізілетін болады.
Шымкент қаласымәслихаты төрағасыныңміндетін атқарушы А. Елшиева
Орын. А.Мырзабеков
Тел. 8 (7252) 24-74-06
Maslihat_shm@mail.ru